Ақтауда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кеткен жігіт ауыр халде жатыр

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда 39 жастағы ер адамның үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кетті. Ол облыстық ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 12 қаңтар күні сағат 13:00 шамасында 11 шағынауданның 41 үйінде болған.

Сол күні алтыншы қабаттан белгісіз адам диванның бір бөлігін жерге лақтырып жіберген.

Ауыр жиһаз үйдің маңынан өтіп бара адамның үстіне құлаған.

«Науқастың жағдайы өте ауыр. Зардап шеккен адамның мойын омыртқасы сынған, жұлыны ауыр жарақаттанған», - деді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз хатшысы Гүлмира Сүтібаева.

Дәрігерлердің айтуынша, сырқаттың денесі түгел сал болып қалған, қозғала алмайды.

Қалалық полиция Қылмыстық кодекстің 114-бабы бойынша іс қозғады.


Соңғы жаңалықтар
telegram