Ақтауда заңсыз салынған таунхаус сүрілді

құрылыс
Фото: Маңғыстау өңірлік коммуникация орталығы

Ақтау қаласы Приморский-1 тұрғын массивінде заңсыз салынған таунхаус сүрілді. Бұл - жыл басынан бері соттың санкциясымен бұзылған үшінші құрылыс, деп хабарлайды Kazinform.

- Құрылыс салушыларға құжаттарды рәсімдеуге және құрылысты тоқтатуға тиісті нұсқама берілді. Алайда олар берілген нұсқаманы елеген жоқ. Сол себепті бұл заңсыз құрылысты бұзу үшін сот органдарына талап арыз жолдадық. Соттың бірінші сатыдағы шешімімен жолданған талап арыз қанағаттандырылып, апелляциядан кейін сот шешімі заңды күшіне енді, - дейді Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Дәурен Өтепқали.

 

заңсыз құрылыс
Фото: Маңғыстау өңірлік коммуникация орталығы

Құрылыс салушыға Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 316, 321 және 463-баптарына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.

Еске салсақ, бұған дейін заңсыз салынған тұрғын үй кешені мен қонақүй құрылысы бұзылған еді.

құрылыс
Фото: Маңғыстау өңірлік коммуникация орталығы

Екі нысан да құрылысқа қажетті рұқсат құжатынсыз және жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталмай салынған.

сүрілді
Фото: Маңғыстау өңірлік коммуникация орталығы
Соңғы жаңалықтар
telegram referendum