Ақтауда жағалау маңы абаттандырылып жатыр
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы 15-ықшам ауданның жағалау маңындағы аумағы абаттандырылады, деп жазады Лада басылымы.
Ақтау әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша, жағалау маңындағы 7,5 гектар аумақ көріктендіріледі.
Ведомствоның мәлімдеуінше, жұмыстар басталып кеткен. Ол жоспар бойынша қазан айында аяқталады.
«Ақтаудың 15-ықшам ауданының жағалау маңындағы аумағын көркейту жұмыстары басталды. Тапсырыс беру - Ақтау қалалық құрылыс бөлімі, жобалаушы - «АТК-Жаңаөзен» ЖШС», ал мердігер ұйым - «Альянс ЛТД» ЖШС. Жағалау маңындағы аймақтың 15-ықшам ауданның 10-үйінен «Самал» ықшам ауданына дейінгі жері, соның ішінде «Самал» қонақүй кешеніне іргелес аумақ та абаттандырылады», - дейді Ақтау әкімдігінің қызметкерлері.