Ақтауда жағалаудан өлі итбалықтар табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда иттерін ертіп, серуендеп жүрген оқушылар жағалаудан өлі итбалық тауып алған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Екінші итбалықты жағалаудан жергілікті жанұя тауып алған.
Телеарна мәліметі бойынша, тұрғындар оқиға орнына бірден мамандарды шақырған. Мамандар екі итбалықтың денесін ветеринарлық лабораторияға жібереді. Онда олардың неден өлгені анықталатын болады.