Ақтауда жағажай волейболынан жарыс өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда мүгедектер арасында жағажай волейболынан халықаралық турнир басталды. Үш күнге жалғасатын байрақты бәсекеде Словакия, Ресей және Қазақстан спортшылары бақ сынасады, деп хабарлады 24 kz.
Жарыс үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Мұнда 6 команда сынға түседі. Айта кетейік, ақтаулық құрама халықаралық деңгейде талай жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Аталған топ бұл жолы да жеңімпаз атануға үмітті.
«Біз биыл майда Анталияда өткен жарыста 2-орын алдық, онда 6 команда қатысты. Сосын Германиядағы жарыста 3-орын иелендік. Онда 8 топ қатысты», - деді Маңғыстау облыстық мүгедектер спорт клубының директоры Нұралы Құлышев.