Ақтауда жаңа «Алатау» кемесінде ҚР ӘК әскери-теңіз туы көтерілді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау теңіз портында «Алатау» миналы-тральдық кемесінде ҚР ҚК әскери-теңіз туы көтерілді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
ҚР әскери күшінің әскери-теңіз туын «Алатау» миналы-тральдық кемеге тапсыру рәсімі ҚР Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, вице-адмирал Жандарбек Жанзақов пен Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен өтті. Жалауды кеме командирі, капитан-лейтенант Мұрат Баймұқановқа Жандарбек Жанзақов табыстады.
«Алатау» миналы-тральдық кемесі Каспий теңізінің жағалау бөлігіндегі акваторийді минаға қарсы қорғауға арналған. Кеме тәулік бойы навигациялық кезеңде жыл бойы пайдаланылады, кеменің теңізде жүзу қабілеті 5 балға дейін.
Батыс жабдығымен жарақталған кеме минаны толыққанды іздеуші болып табылады», - деді Ж. Жанзақов.
«Бүгін айтулы оқиға - «Алатау» мина тралы Маңғыстау облысына келді. Кемеде көтерілген әскери-теңіз жалауы мемлекеттік шекараны нығайтуға, еліміздің қоғамдық келісімі мен тұрақты дамуына бағытталды. Маңғыстау - мемлекетіміздің барлық әскери-теңіз күштері шоғырланған жалғыз облыс», - деді «Алатау» кемесінің экипажын құттықтаған облыс әкімі Ералы Тоғжанов.