Ақтауда жаңажылдық шыршалар қойыла бастады
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда ең алғашқы шырша 4-шағынаудандағы алаңға қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа жылдық шыршаның ең үлкені 4-шағынаудандағы «Астана» алаңына бүгін қойылды. Қалалық әкімдіктің айтуынша, тағы да 15-шағынаудандағы теңіз жағалауына және 34-шағынаудандағы Қазақстан Ассамблеясына қойылды.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтауда жаңажылдық шыршаларды орнатуға 37 млн теңге бөлінетінін хабарлаған болатынбыз. Бұл туралы бүгін Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев хабарлады.
Мемлекеттік сатып алу конкурсын биыл «Керуен Фараб сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алған.