Ақтауда жарылыс болып, екі адам қаза тапты

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтауда металл қабылдайтын база аумағында жарылыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
None
None

«11 желтоқсанда Ақтау қаласындағы 2-інші өнеркәсіп аймағында орналасқан металл қабылдау базасында белгісіз зат жарылған. Салдарынан 5 адам зардап шегіп, олардың екеуі оқиға орнында қаза тапты.

Бұл жерді полицейлер қоршауға алды. Оқиға орнында ІІД «Арлан» арнайы бөлімшесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы және Маңғыстау облысы ТЖД-інің 9 адамы мен 2 техникасы жұмыс істеуде.

«Арлан» қызметкерлері  жарылыс орнынан 11 дана  оқыту снарядтарын  тапты»,- деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомоствоның атап өтуінше,  алдын ала болжам бойынша жарылыс снарядты детонациялау кезінде болған.

Соңғы жаңалықтар