Ақтауда жасанды пальма өртенді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Ақтау қаласында жағалаудың ашық аумағында жасанды пальма өртенді.

Ақтауда жасанды пальма өртенді
Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар оттың таралуына жол бермей, өртті шақыру түскен сәттен бастап 9 минут ішінде сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.

Ақтауда жасанды пальма өртенді
Фото: ҚР ТЖМ

- Өрт болған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз! – делінген хабарламада.

ШҚО-дағы жер үйлерде өрт қауіпсіздігін бұзудың 33 мыңнан астам дерегі анықталғанын жазған болатынбыз.