20:47, 25 Маусым 2018 | GMT +6
Ақтауда жасөспірім әкесінің көлігімен 6 жасар баланы қағып кетті
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 17 жастағы жасөспірім әкесінің көлігімен үйдің ауласында ойнап жүрген 6 жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат tumba.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға қаланың 27-шағынауданында 85-інші үйге қарама-қарсы жолда болған. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі үйінің маңайында ойнап жүрген баланы басып кеткен.
Кінәліні іздеп табу полицияға еш қиындық тудырмады. Ол оқиға болған 27-шағынауданда тұратын және тек қыркүйек айында 18 жасқа толатын жасөспірім болып шықты. Ата-анасының көзінше тексеріс шаралары жүргізілді.
Зардап шеккен бала жіліншік сүйегінің жабық сынық жарақатын алған. Ол ауруханаға жеткізілді.