Ақтауда жастар күніне орай «Жиналайық» іс-шарасы өтеді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 12 тамыз күні «Aktownx» шығармашылық бірлестігі Амфитеатр алаңында «Жиналайық» шарасын ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауда жастар күніне орай «Жиналайық» іс-шарасы өтеді
Фото: Өңірлік коммуникация орталығынан

2022 жылдан басталған «Жиналайық» жобасы өңірдегі музыка және хореография бағытындағы жас таланттарды анықтауға, оларды қолдауға бағытталған. Ал биыл жоба ауқымды деңгейде өтіп жатыр. Кастинг жарияланып, жаңа өнерпаздардың есімі жастар арасында танылып жатыр.

«Биыл жоба аясында 22 өнерпаз топ ішінен суырылып, сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Жылдың алғашқы «Жиналайық» шарасы 27 мамыр күні өтті. Онда 10-ға жуық жас талант 170-тен астам көрерменнің алдында алғаш рет авторлық әндерін орындады. Жалпы осы уақытқа дейін жүздеген жас ашық алаңда корқынышын жеңіп, емін-еркін өнер көрсетті» деді «Aktownx» шығармашылық бірлестігінің негізін қалаушы Нұрсұлтан Мұрзабек.

Айта кетейік, «Aktownx» шығармашылық бірлестігі 2019 жылдан бері жастар арасында танымал. Негізгі мақсаты - жас ұрпақтың шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін көтеру, өзін-өзі жетілдіру дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар Маңғыстау облысында үлкен нетворкинг алаңын құру арқылы жастардың талантын дамытуға қолайлы жағдай жасау.


АҚШ Германиядағы шамамен 5 мың әскерін бір жылдың ішінде шығарады
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Германиядағы шамамен 5 мың әскерін бір жылдың ішінде шығарады