Ақтауда жасы 70-тен асқан әже жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда жасы 70-тен асқан әже жоғалып кетті, деп жазады lada.kz.

Ақтауда жасы 70-тен асқан әже жоғалып кетті

«Жасы 70-тен асқан Хисметова Бақыт әжейді іздейміз. Ол 22 наурыз күні теңіз жағалауындағы сахна маңынан жолғалып кетті. Үстінде қоңыр пальто, қоңыр сөмке, басында қою көк, сары ала гүлі бар орамалы бар. Көрген-білгендер болса 8 702 747 6332; 8 778 994 2504, 102 нөмерлеріне хабарласыңыздар», - делінген жарияланған хабарламада.

Бұл ақпаратты Хисметова Бақыттың қызы Орынгүл Хисметова растады.

Оның сөзіне қарағанда, анасы шамамен сағат 15:30-да белгісіз жаққа кетіп қалған.