Ақтауда жоғалып кеткен азамат өлі күйінде табылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда жоғалып кеткен есте сақтау қабілетінде ақауы бар азамат өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
63 жастағы Сайлау Сатаев 10 тамыздан бері іздестіріліп жатыр еді.
«15 тамызда Ақтау қаласы жанындағы Басқұдық ауылында зорлықпен өлтіру белгілері жоқ ер адамның денесі табылды. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 001-бабы бойынша Мұнайлы аудандық ПБ СДТБТ-де тіркелді», - деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Тергеу жүргізіліп жатыр.