Ақтауда жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғасы Rixos қонақ үйінің жанындағы демалыс базасында орын алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Toyota Land Cruiser 200» көлігінің жүргізушісі кері бұрылу кезінде «Lexus Es 330» автокөлігіне жол бермеген. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған» - деп мәлім етті Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.
Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша «Toyota Land Cruiser 200» көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.