Ақтауда жол ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды

Ақтауда танымал блогер жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Ол көлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған. Сондай-ақ баласын арнайы орындыққа отырғызбаған, деп хабарлайды Kazinform.

полиция
Фото: Polisia.kz

- Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында “Lexus NX200” маркалы автокөлігімен орын алған құқық бұзушылық туралы бейнеролик жарияланды. Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарған. Сондай-ақ автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындық қарастырылмағандығы анықталды, - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері 27 жастағы азаматшаның жеке басын анықтап, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақтаған.