19:33, 03 Маусым 2010 | GMT +5
Ақтауда жол төсеуге қажетті битум өнімін шығару жолға қойылады
АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда өтіп жатқан 4-ші халықаралық инвестициялық саммит барысында «CASPI BITUM» біріккен кәсіпорны мен «ҚазСтройСервис» АҚ, CITIC Construction компаниялары арасында маңызды келісімге қол қойылды.
Бұл туралы «Қазстройсервис» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Келісімге сәйкес, Ақтаудың Пластмасса бұйымдары зауытында жолға төсеуге қажетті битум өнімін шығару кешені салынатын болды.