Ақтауда жүкті әйел қарны жарылып, ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 жастағы ақтаулық әйелдің жүктілік мерзімі - 17-18 апта болған. Зардап шегушіге тез арада ота жасауға тура келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда жүкті әйел қарны жарылып, ауруханаға түсті

Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының жалпы және видеоэндоскопиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі Талғат Мұқанов айтты.

 «Әйелдің асқазаны жарылған. Жарасы тігілді. Жағдайы орташа ауыр халде, қазір біздің бөлімде жатыр. Өз күшімен тыныс алуда. Ауруханаға түскен кезде әйелден алкогольдің иісі шығып тұрды», - деп мәлімдеді Талғат Мұқанов.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.