Ақтауда журналистерге арналған «Әскери дискурс» семинары аяқталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудағы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің әскери-теңіз базасында экстермалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» семинары аяқталды.
None
None

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш күн бойы 40 журналист пен республикалық БАҚ өкілдері, сондай-ақ қазақстандық блогерлер экстермалды жағдайларда кәсіби машықты көрсетіп, сонымен қатар танымал саясаткер Ерлан Кариннің, Болгариядан келген профессор Татьяна Дронзинаның терроризм мен экстермизмді ақпараттық тұрғыда тарату қағидалары туралы ерекше дәрістерін тыңдады.

Журналистермен кездесулер аясында терроризм мәселелері зерттеу туралы біліп қана қоймай, топтардың жалпы сипаттамасы, қаржыландыру қағидалары туралы білуге мүмкіндік алды. Сонымен қоса өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Журналистер күні ҚР Қорғаныс министрлігінің атынан Қарулы күштерінде барлық әскери оқиғаларды тарату кәсібилігі мен жылдамдығы үшін семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, естелік сыйлықтары берілді.

«Бұл семинарда Қарулы күштердің күнделікті өмірін көрсеткіміз келді. Әскери дискурс барысында журналистер мен блогерлер Әскери-теңіз күштерінде жауынгерлік даярлықтың қалай өтетінін, журналистердің корабльдерге шығуын, біздің әскери теңізшілердің әскери қызметі мен жұмысын көрді. Кішкентай қайықтарда жорықтар ұйымдастырылып, суда және өрт кезінде өмір сүру үшін күрес жөніндегі жаттығулар ұйымдастырылды», - деді ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшылығы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен қазақстандық журналистерді қарулы қақтығыстар мен экстремалды оқиғалар аумағында, лаңкестік актілерін тарату  жұмыс жасауға үйрету үшін экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» практикалық семинары төртінші рет өткізілді. Бұл жолғы семинар ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің Әскери-теңіз базасында өтті.

null null null null null null null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар