Ақтауда жылқылар қоқыс контейнерлерінен азық іздеп жүр

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында жылқылар қоқыс тастайтын контейнерлерден азық іздеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда жылқылар қоқыс контейнерлерінен азық іздеп жүр

Рафаэль есімді жергілікті тұрғынның айтуынша, бүгін, 22 тамыз күнгі таңнан бері ол жылқыларды 6-шы шағынауданнан көрген.

«Аш жануарлардың бұталардың жапырақтарын жеуі бір, қоқыс контейнерлерінен азық іздеу масқара ғой. Иелерінің малды өз бетімен жібергені ме?», - деді ол.


Еске сала кетсек, тамыздың басында қала тұрғындары жылқы малының қалада көптеп жүруін видеоға түсерген. Жануарлар «Ақбота» саябағында, 8-ші шағынаудандағы №14 үйдің артында және 6-шы шағынаудандағы №21 үйдің қасында өскен ағаш бұталарын жұлып жеп жүрді. Тағы бір аптадан кейін қараусыз жүрген малдың жағалау маңында жүргені байқалған.