Ақтауда зиянкестермен күреске 21 млн теңге жұмсалады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда зиянкестермен күрес жүргізуге бағытталған жас көшеттерге дәрі-дәрмек себу науқаны жалғасуда. Қазір қаладағы 1-10 шағын аудандардың төменгі аймағына дәрі-дәрмектер себілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Ақтауда зиянкестермен күреске 21 млн теңге жұмсалады

«Зиянкестерге қарсы дәрі-дәрмек себу жұмыстары сәуір айының басында басталды. Бұл науқанда тек қабық құрттармен ғана емес, сондай-ақ құрттармен, балаңқұрттармен, қоңыздармен күрес жүргізілуде. Көшеттердің түбіне дәрі-дәрмектер себілді, енді жоғарғы жағы қалды. Үш адамнан 2 бригада, барлығы 6 адам жұмыс істеп жатыр. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан - жаңбыр жауған және жел тұрған күндері олар жұмыс істемеуге мәжбүр, кестеден қалып жатырмыз. Бұл жұмыс шамамен тағы бір айға жалғасады», - деді «Қала жолдары» ЖШС басшысының орынбасары Абай Қожабаев.

Дәрі-дәрмек себуге бір жылға барлығы 21 млн теңге жұмсалған.