Ақтаудағы 15 шағын ауданда ауыз су тоқтады
Ақтауда магистральдық құбырдан ақау шығуына байланысты қаланың төменгі аймағындағы 15 шағын ауданда ауыз су тоқтады. Бұл туралы «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
- 1, 2, 3 а, 3 б, 4, 5, 6, 7, 8, 14,15 шағын аудандары және 22, 23, 25 шағын аудандарда ауыз су уақытша ажыратылды. Магистральдық су құбырындағы жөндеу жұмыстары аяқталды. 18:00-ге дейін су беріледі, - делінген баспасөз мәліметінде.
Айта кетсек, Ақтауда кеше 4 шағын ауданда жөндеу жұмыстарына байланысты жылу беру уақытқа тоқтатылып еді.