Ақтаудағы медициналық клиника 287 жұмыскерге жалақыларын төлемеген

Ақтаудағы «Сенім» медициналық клиникасы» ЖШС-нің еңбек заңнамасын бұзу деректері анықталды, деп хабарлайды Kazinform Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

прокуратура
Фото: ҚР бас прокуратура

Ағымдағы жылдың екі айында 287 жұмыскерге 76 млн теңгеден астам жалақылары төленбеген.

Қала прокуратурасымен мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілген.

Қадағалау актісін қарау нәтижесімен жұмыс беруші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 87 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған.

Жалақы бойынша берешек толықтай өтеліп, жұмыскерлердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілген.

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы Маңғыстау облысы прокуратура органдарының бақылауында.