Ақтаудағы өрт кезінде күйіп қалған өзбекстандық екі азамат жансақтау бөлімінде жатыр

өрт
Фото: ТАСС

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтауда көлік дөңгелегін жөндеу цехында болған өрт кезінде күйік шалған адамдардың жағдайы белгілі болды.

Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен шетелдік екі азаматтың қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы тиісті дәрігерлік көмек көрсетіп жатқан мамандар мәлімдеді.

«Өрт кезінде зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөліміне жатқызылды. Толық мән-жай тиісті шаралардан соң белгілі болады», - деді облыстық аурухананың баспасөз қызметі. 

Кеше түнде Ақтаудағы 28а шағын ауданда көлік дөңгелегін жөндеу цехында өрт шықты. Тілсіз жау шарпыған нысанның ішінде Өзбекстан Республикасының екі азаматы болған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі шетелдік азаматтарға алғашқы көмек көрсеткен соң, бірден ауруханаға жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар