Ақтаудағы 5 сайлау учаскесінде ХҚО мамандары жұмыс істейді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – 20 қараша күні Ақтаудағы 5 сайлау учаскесінде Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмыс істейді. Олар тұрғылықты тіркеуі жоқ сайлаушылардың дауыс беруіне мүмкіндік жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтаудағы 5 сайлау учаскесінде ХҚО мамандары жұмыс істейді

«Дауыс беру учаскесінің ғимаратына тіркеуге қояды. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары бәрін түсіндіреді. Барған учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік туғызады», - деді Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерғали Іскендіров.

Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтар үшін 7 инватакси қызмет көрсетеді. Олардың дауыс беруіне арнайы орындар дайындалды. Құлағының мүкісі бар азаматтар үшін құлаққап қойылған. Онда сурдоаудармасымен екі тілде бейнероликтер көрсетіледі. Ал зағип жандар үшін Брайль трафареті бар.

Олар: Ақтау қаласының 11 шағынауданында орналасқан №23, 17 шағынаудандағы №66, 32 «А» шағынауданындағы №248, 24 шағынаудандағы №40, 4 шағынаудандағы №8 сайлау учаскелері.