Ақтаудағы 6 шағын ауданда электр қуатының өшіп қалу себебі белгілі болды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қалалық әкімдігінде жаңа шағынаудандарда жоғары кернеулі кабель желілерінің істен шығуына байланысты брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

​Брифингке Ақтау қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Маңғыстау Қойшығұлов, «АЭЖБ» МКК директоры Айтбай Айтмағанбетов, мердігер мекеме «Айком-ЛТД» ЖШС өкілі Көбенғали Танашев, жобалаушы мекеме «МунайГазпроектСервис» ЖШС директоры Бағдат Бисенғожиев қатысты.

Еске сала кетсек, 13 қаңтар күні таңғы сағат 6:00- да Шығыс -1, 2, 31А, 31Б, 32А, 32Б шағынаудандардағы жоғары кернеулі кабель желілерінің істен шығу салдарынан электр қуатынсыз қалды. Қала әкімінің тапсырмасымен «АЭЖБ» МКК мамандары ақауды анықтап, электр желілерін қалпына келтірді.
​Қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Маңғыстау Қойшығұловтың айтуынша, электр тарату кабельдерін жүргізу 2014 жылы басталып, 2015 жылы аяқталған. Ол Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жанындағы ГПП -4 қосалқы стансасынан басталып, жаңа шағынаудандарға дейінгі аралықты қамтиды.

Жоба бойынша онда қимасы 3х240мм2 АСБ маркалы кабель төселу керек болған. Алайда, сол уақытта комиссия құрылып, тапсырыс беруші қалалық құрылыс бөлімі, жобалаушы мекеме «МунайГазпроектСервис» ЖШС, техникалық қадағалау мекемесі, «АЭЖБ» МКК, мердігер «Айком-ЛТД» ЖШС техникалық шешім қабылдап, «Сшитогополитэлена» кабеліне ауыстырылған.
​«Бұл кабельдің оқшаулағышы жаңғыш заттарға төтеп бере алмайды. Яғни, АПвП кабелін төсеу кезінде 10 кВ кабельді желілерін төсеу технологиясы аталған жобада біздің шарттарға сәйкес келмейді»,- деді Айтбай Айтмағанбетов.
null

Ал, брифингке қатысқан «Айком-ЛТД» ЖШС өкілі жоғары кернеулі кабелдердің істен шығуын құрылыстағы ауыр техникалардың жұмысымен байланыстырып отыр. Дегенмен, «АЭЖБ» МКК директорының мәліметінше, қолданысқа енгізілген электр тарату желілері өртену салдарынан істен шыққан. Ауыстырылған кабель былтырда өртенгені айтылды.

Соңғы жаңалықтар