03:29, 18 Шілде 2017 | GMT +5
Ақтаудағы қашқын сарбаз әлі табылған жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 шілдеде әскери бөлімнен қашып кеткен Сергей Пыхалов 6-шы күн қатарынан іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1996 жылы туған сарбазды іздеу жалғасуда. №6656 әскери бөлімінен хабарлағандай, іздеу жұмыстарына 80 адам тартылды. Әуежай мен вокзалда уақытша іздеу бекеттері орнатылды. Алайда қашқын сарбаз туралы нақты мәліметтер жоқ.
Еске салсақ, мерзімді қызметтегі сарбаз С.Пыхалов рота флюрографиядан өтіп жатқан кезде №1 Ақтау қалалық емханасынан қашып кеткен. Ол туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.