Ақтаудағы «Қазақтелеком» АҚ филиалының ғимаратында өрт болды, 7 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді - ҚР ТЖМ

Ақтау қаласында 1 қазанда «Қазақтелеком» АҚ филиалының ғимаратында техникалық пайдалану ортылығының залында, жүйелі-абонеттік залы мен №31 автоматты телефон стансасының мекемесінде өрт болды, жалын шарпыған аумақ 500 шаршы метрді құрады, 7 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан 1955 жылғы ер адам иіс тиіп уланды, ол ауруханада медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 45 адамы мен 8 техникасы, ҚР ТЖМ «АМО» ММ-нің 2 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Сол күні Ақтөбе қаласында бұрынғы облыстық тұтынушылар одағының базасында «Кагазы recycidg» ЖШС-нің макулатура қоймасы мен «Батысқазөңір» ЖШС-нің жиһаз дайындауға арналған материалдары жанып кетті. Жалын 700 шаршы метр аумақты жойды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 26 адамы мен 8 техникасы, ҚР ҚМ Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 2 адамы мен 1 техникасы, «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» АҚ-ның 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Көкшетау қаласында 1 қазанда Ковалевская, 92-а көшесінің бойында орналасқан жеке меншік үйдің асханасы өртенді. Жалын шарпыған аумақ 12 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру кезінде 1964 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Жалынмен күреске ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.