Ақтаудағы оқыс оқиға: Әзірге ешкім ауруханаға жүгінген жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында болған жарылыс бойынша әзірге ешкім медициналық көмек сұрап жүгінбеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақтаудағы оқыс оқиға: Әзірге ешкім ауруханаға жүгінген жоқ

«Жарылыстан кейін әзірге ешкім ауруханаға хабарласпады. Ресми ақпаратты қолдануды сұраймыз. Оқиға орнындамыз, төтенше жағдайға қатысты хабар беріп отырамыз»- делінген облыс әкімдігі таратқан ресми хабарламада.

Айта кетсек, Ақтау қаласында ғимарат жарылды. Оқыс оқиға т уралы алдымен әлеуметтік желіде тарады.

Кейін Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жарылысты растады.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 5 техникасы мен 17 қызметкері, «Апаттық медицина орталығы» мекемесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы аттанғаны хабарланды.