Ақтаудағы өнеркәсіптік қоймадан өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында өнеркәсіптік қоймалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

Ақтаудағы өнеркәсіптік қоймадан өрт шықты

«4 желтоқсан күні сағат 02:10 шамасында Ақтау қаласындағы өнеркәсіп аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгілі болғандай, жалпы ауданы 2500 шаршы метр болатын тас төсеуіш қойманың шатыры мен ішіндегі тұғырықтар, бос қораптар отқа оранған», - делінген комитеттің хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жау қойманың 1600 шаршы метрін алып кеткен.

«Өрт 05:15 кезінде ауыздықталып, 06:19-ға қарай өшірілген. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 9 адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылды», - деп хабарлайды Нұрсұлтан Нұрахметов.

null null