Ақтаудағы өрт кезінде көпқабатты үйден 40 адам көшірілді

АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - 7 наурыз күні сағат 05:47-де Ақтау қаласының 4 шағынауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің 7 қабатындағы пәтерінен өрт шықты.

Ақтаудағы өрт кезінде көпқабатты үйден 40 адам көшірілді

 Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

 Тілсіз жау сағат 07:08-де ауыздықталып, 07:48-де сөндірілді. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ-нің Маңғыстау облысы бойынша өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 25 адамы мен 5 техника бірлігі жұмылдырылған.

 Жалын тілі 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт салдарынан 39 жастағы ер адам термиялық күйіктер алып, ауруханаға жеткізілді. 40 адам көшіріліп, 20 адам құтқарылды, оның ішінде 6 бала бар.