Ақтаудағы сот процесі жәбірленуші ретінде танылған полиция қызметкерлерін тыңдаумен одан әрі жалғасты

АҚТАУ. 5 cәуір. ҚазАқпарат.  -  Ақтауда Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысты бүгінгі кезекті сот отырысы заң талаптарына сай тағайындалған уақытында басталды.

Ақтаудағы сот процесі жәбірленуші ретінде танылған полиция қызметкерлерін тыңдаумен одан әрі жалғасты

Сот отырысы залына процеске қатысушылар, сотталушылардың туыстары мен халықаралык, республикалық және жергілікті қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіргізілді.

Сот процесі жәбірленуші ретінде танылған полиция қызметкерлерін тыңдаумен одан әрі жалғасты.  Аталмыш тұлғалар қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Жаңаөзен қаласының бас алаңына барып, ол жердегі орын алған тәртіпсіздік кезінде түрлі деңгейде зақым алып, жәбірленуші ретінде танылған.

Жәбірленушілер өз сөзінде Жаңаөзен қаласында орын алған тәртіпсіздіктер барысында құқық қорғау органының өкілі ретінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін әрекеттенгендігіне баса назар аударды.

Сот отырыстары ҚР заңнамасы талаптарына сай өтуде.

Бүгінгі күні сот процесінде 13 жәбірленушіден жауап алынды.

Келесі сот отырысы ертең сағат 10.00-ге тағайындалды.