Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінен адам сүйегі табылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы 7-шағынауданда орналасқан тұрғын үйден адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Белгісіз адамның сүйегінің қалдықтары 7-шағынаудандағы 8-ші үйден табылған. Оны «Ғалия» тұрғын үй кешеніндегі пәтер үйлері кооперативінің қызметкері жертөлені тазалап жүріп тауып алған. Сосын ол дереу құқық қорғау қызметкерлеріне хабарласқан.

Айта кету керек, осыған дейін тұрғын үйлердің бірінен 16 жастағы бозбаланың денесі табылған болатын.

Соңғы жаңалықтар