Ақтаудағы Yessenov University Абай облысының 5 студентіне грант бөледі

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтаудағы Yessenov University Абай облысында орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына 5 білім грантын бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтаудағы Yessenov University Абай облысының 5 студентіне грант бөледі
Фото: pinterest.com

Yessenov University президенті Берік Ахметов алапат өрт жергілікті тұрғындармен қатар бүкіл елді есеңгіреткенін айтады. Жойқын апаттан зардап шеккен балалар бакалаврға кез-келген мамандыққа оқуға түсе алады. Сондай-ақ, ішкі ережеге сәйкес жатақханаға орналасады.

«Тілсіз жаумен күресіп, орманды қорғау – Отанды қорғаудан кем емес ерлік. Сын сағатында қауіп-қатерге қарамай, қаһармандық көрсеткен азаматтарымыздың рухы алдында басымызды иеміз. Қазаның артының қайырын тілейміз. Мұндай қайғылы жағдай енді қайталанбағай», - деді Берік Ахметов.