21:11, 02 Маусым 2022 | GMT +5
Ақтаудағы жағажайда жасөспірім суға батып кетті
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтаудағы Приморский ауылы маңындағы жағажайда 1 жасөспірім суға батып мерт болды, тағы екі баланы тұрғындар аман алып қалды.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазды lada.kz.
Қайғылы оқиға туралы хабар құтқарушыларға 2 маусым күні сағат 17:13-те түскен.
«Куәгерлер Приморский тұрғын үй алабына қарама-қарсы орналасқан жағажайда 17 жастағы жасөспірімнің суға батып кеткенін айтты. Тағы екі баланы куәгерлер құтқарып алған. Қазіргі таңда оқиға орнында сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр»,-деп хабарлады Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.