Ақтаудағы жанармай бекетінде тұрған көлік өртеніп кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы «Приозерный-3» кентіндегі жанармай құю бекеттерінің бірінде көлік өртеніп кетті. Көлік иесі мас күйінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ақтаудағы жанармай бекетінде тұрған көлік өртеніп кетті

Департаменттің хабарлауынша, оқиға кеше түнгі 9-дар шамасында болған.

«Приозерный-3» кентіндегі жанармай құю бекетінде «Lexus RX-300» маркалы автокөліктің түгі қалмай өртеніп кеткен.

«Машина толығымен жанып кетті. Куәгерлер жарылыс сәтін видеоға түсірді. Оқиға салдарынан мас күйінде болған көлік иесі зардап шеккен. Өрт 21:16-да сөндірілді»,- деді ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.


Қаракөз Марат