Ақтаудан Астанаға ұшқан шетелдік есінен танып қалды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 20 желтоқсан күні Ақтау - Астана рейсімен ұшқан ұшақ бортындағы оқыс оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жолаушылардың бірі есінен танып, құлаған, құлаған сәтте басымен соғылған.
Тағы бір жолаушы - дәрігер Руслан Бектібаев оған шұғыл көмектесіп, Астанаға жеткенше қасында болған.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, шетел азаматы артериалдық қан қысымының күт төмендеуінен есінен танған. Бортсеріктер мен бірге көмекке келген дәрігер ұшақтағы керек-жарақты қолдана отырып, көмек көрсеткен.
Зардап шегуші елордаға жеткенге дейін есін жиды. Астана жедел жәрдем бригадасы тексерген соң, ары қарай өздігімен кете барды.
Айта кетейік, жолаушыға көмек көрсеткен Руслан Бектібаев - Міндетті медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалының директоры.