Ақтауды велосипедшілер қаласына айналдыру көзделіп отыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына, Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 72-жылдығына арналған іс-шаралар бағдарламасы аясында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі Ақтауда 70 велосипедшінің қатысуымен веложүгіріс ұйымдастырды.



Оған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, сондай-ақ бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев, облыстық басқарма басшылары қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін үлкен мереке. Еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда Қарулы Күштердің атқарар рөлі орасан екендігі баршаға мәлім. Ал, біздің еліміздің өзіндік тарихы бар, сондықтан жеріміз үшін жанын пида етіп, оны біздерге табыс еткен ата-бабаларымызды ұмытпауымыз керек. Сіздерді бүгінгі айтулы күнмен құттықтаймын!», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Бұл веложүгірісті өңір басшысы жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдыруды ұсынды. Оның айтуынша, Ақтау - велосипедшілер қаласына айналуы керек және оны жүзеге асыру үшін барлық алғышарттар бар. 









Соңғы жаңалықтар
telegram