Ақтаудың ең сұлу аруы анықталды
Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, кастингке 120 қыз келген. Оның ішінде 20 қатысушы іріктеліп, байқау финалына жолдама алған.
Ақылы мен көркі жарасқан сұлулар 3 кезең бойынша сайысты. Алғашқысы таныстыру, екінші кезеңде өз өнерлерін көрсетіп, үшінші кезеңде сән үлгісін көрермен назарына ұсынды.
Айта кетейік, биыл 21-рет өткізіліп отырған бұл сұлулық байқауы тек сыртқы әдемілікті бағалаумен шектелмейді. Ең бастысы - арулардың тартымдылығы мен ой-санасын көпшілікке көрсету. Арулардың әсемдігі мен көркемдігін, тапқырлығы мен білгірлігін бағалау үшін өнер, мәдениет салаларынан келген қазылар алқасы тағайындалды.
Байқау қорытындысы бойынша 20 арудың ішінен суырылып шыққан Әйгерім Кәрібаева Вице Мисс Ақтау атанса, ал YESSENOV UNIVERSITY Теңіз академиясының 2-курс студенті Динара Сариева "Мисс Ақтау 2018" атағын жеңіп алды.