Ақтауға демалуға келген қыз бен жігіт суға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаудағы «Солдатский» жағажайында қыз бен жігіт қатар суға ағып кетті, деп хабарлайды Лада.кз.
Оқиға куәгерінің сөзінше, екі адамның денесін судан жағажайда демалушылар алып шыққан.
Жағажайға жедел жәрдем шақырылды. Дәрігердің сөзіне қарағанда, суға кеткен жігіттің жасы 20-да, ал қыз 17-і жаста.
Олар Қызылтөбе кентінен теңізге демалуға келген.