Ақтауға ыстық су 15 тамыздан кейін беріледі

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда Маңғыстау атом электр комбинатындағы (МАЭК) су тұшыту қондырғыларына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты ыстық су беру тоқтап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауға ыстық су 15 тамыздан кейін беріледі
Фото Өңірлік коммуникация орталығынан

«МАЭК» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қалаға ыстық су 15 тамыздан кейін беріледі.

«Дистиллят өнімділігін арттыру үшін №7 және №9 су тұшыту қондырғыларының булау аппараттарында түтіктерді ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қалаға ыстық су 15 тамыздан кейін беріле бастайды», - делінген «МАЭК» ЖШС баспасөз мәліметінде.