Ақтаулықтар әлі теңізге шомылып жүр

АҚТАУ. KAZINFORM – Күнтізбе бойынша күз келгенімен, Ақтауда теңіз жағасындағы демалыс маусымы әлі аяқталған жоқ. Тұрғындар мен қала қонақтары Каспий жағалауына барып, күнге қыздырынып, суға түсіп жүр.

ы
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Мамандардың мәліметінше, биыл теңіз жағалауындағы демалыс маусымы қыркүйек айында да жалғасып отыр. Жағажайларда шезлонг пен шатыр жалға алып, теңізде жүзетіндер бар.

в
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Тұрғындардың бірі теңізге күзде де келетінін айтады.

- Ақтауда теңізге тек жазда емес, қыркүйекте де келуге болады. Күн жылы болса, суға түсіп, демалып қайтамыз. Теңіздің ауасы да жақсы, - дейді Нұрлан есімді тұрғын.

ы
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Қалаға қонақ болып келгендердің арасында да Каспий жағалауында уақыт өткізетіндер бар.

- Ақтауға арнайы келіп, теңіз жағасын көруді жоспарлаған едік. Күз келсе де күн жылы екен. Сондықтан теңізге түсіп, жағалауда демалып жатырмыз, - дейді Атырау облысының тұрғыны Айгүл Мұратова.

Ал жергілікті тұрғындардың бірі үшін теңізге бару - маусымға қарамайтын әдетке айналған.

- Біз үшін теңізге бару - күнделікті демалыстың бір түрі. Ауа райы қолайлы болса, күзде де, көктемде де суға шомыла береміз. Өйткені, теңіз суы тұзды, денсаулыққа пайдалы, - дейді ақтаулық тұрғын Назгүл Бекіш.

ы
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Айта кетейік, құтқарушылар тұрғындар мен қала қонақтарын тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға шақырады. Себебі, Маңғыстау облысында суға түсуге тыйым салынған бірқатар жағалау бар.

Бұған дейін, Балқаш биылғы шомылу маусымында 200 мыңға жуық турист қабылдағанын жазған болатынбыз.