Ақтаулықтар мәслихат депутаттарын сайлау үшін дауыс беріп жатыр

сайлау
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтауда қалалық мәслихаттың бос депутаттық мандаттары бойынша сайлау басталды. Таңғы сағат 7:00-ден бері 12 сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып жатыр.

Қаладағы № 13, № 14 және № 20 сайлау округтеріне қарасты учаскелер өз жұмысын бастады.

сайлау
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Оның ішінде:

— 26 ш/а, № 14 жалпы білім беретін мектебі (2 сайлау учаскесі);
— 27 ш/а, Ақтау техникалық қызмет көрсету колледжі (2 сайлау учаскесі);
— 27 ш/а, № 16 жалпы білім беретін мектебі;
— 27 ш/а, № 46 Балбұлақ балабақшасы;
— 28 ш/а, № 59 С. Н. Шапағатов бөбекжайы;
— 28а ш/а, № 23 жалпы білім беретін мектебі;
— 33 ш/а, «Маңғыстау Арена» спорт кешені(2 сайлау учаскесі);
— 34 ш/а, № 19 мектеп-гимназия (2 сайлау учаскесі) бар.

«Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сайлауға үш округ бойынша 10 үміткер қатысуда. Дауыс берушілер өз мекенжайына қарасты учаскеге барып, үміткерлерге дауыс бере алады», — деді Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерғали Скендиров.

Сондай-ақ, № 249 учаскеде алғашқы болып 61 жастағы тұрғын дауыс берді. Ақтау қаласының тұрғыны Қадырбек Кауметов учаскеге бірінші болып келген.

«Сайлау болады деп таңертең ерте тұрып, дауыс беруге келдім. Мен үшін әр сайлау ерекше маңызды. Сондықтан жерлестерімді сайлауға бей-жәй қарамауға шақырамын», — деді Қадырбек Кауметов.

Соңғы жаңалықтар