Ақтаулық бодибилдер Қазақстан кубогының абсолютті чемпионы атанды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 26 жастағы ақтаулық атлет абсолютті салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен10 бодибилдердің ішінде топ жарды, деп хабарлайды lada.kz.

Біздің атлеттің айтуынша, WBPF Қазақстан абсолютті чемпионы, Өзбекстан чемпионы ақтөбелік Сағадат Салманов оған лайықты қарсылас болған. Нұрсұлтан Амантай онымен бұрыннан таныс.

Нұрсұлтан Амантайдың жоспары - Азия чемпионатында, әлем чемпионатында және «Arnold Classic» турнирінде бақ сынау. Спортшының айтуынша, бұған қаржылық мәселелер қиындық келтіруде.

«Мен әрдайым өнер көрсетіп, ел намысын қорғауға және Қазақстанның көк туын жоғары көтеруге үнемі дайынмын», - деп атап өтті атлет.

Бодибилдинг пен фитнестен Қазақстан Ашық кубогы 7-9 желтоқсан аралығында Алматыда өтті. Жарысқа 150 атлет қатысты.

Бұдан бұрын Нұрсұлтан Амантай 25 қарашада Ташкентте өткен бодибилдинг пен фитнестен Өзбекстан Ашық кубогының чемпионы атанды.  Атлет 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальге ие болды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram