Ақтаулық бүлдіршін «Кішкентай әлем аруы - 2009» атанды

АҚТАУ. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат/Анаргүл Төлегенова/ - "Кішкентай әлем аруы - 2009" халықаралық конкурсынан ақтаулық 9 жасар Аделя Каспанова жеңіспен оралды,

Ақтаулық бүлдіршін «Кішкентай әлем аруы - 2009» атанды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анапа қаласында өткен халықаралық конкурсқа қатысуға Ақтаудан 3 бүлдіршін аттанған болатын.

 Аделя , Салтанат, Айгерім есімді қыздарымыздың үшеуі де жеңіспен оралды.

  Аделя Каспанова «Кішкентай әлем аруы - 2009» бас жүлдесін жеңіп алып, әлемнің таңдаулы 5 кішкентай аруының қатарына қосылды.

  Айгерім Ақаш 3 тілде еркін сөйлегені, әртістік қабілеті үшін арнайы жүлдемен марапатталып, Салтанат Ходжамбетова «Достық аруы» атанды.

 Осылайша Ақтау  қаласының кішкентай арулары Анапа қаласында әсемдік пен әдемілік сыншыларын мойындатып, жеңіс биігінен көрініп қайтты.