Ақтаулық жас аяқдопшылар Түркиядағы халықаралық турнирдің топтық іріктеуінде 2-ші орын алды

АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан «Түрік демалыстары» халықаралық турнирінде 1999 жылғы жасөспірімдер арасында бақ сынап жатқан Ақтау қаласының «Каспий» командасы бүгін жартылай финалдық ойынын өткізеді.
None
None

Топтық сында олар Ресейдің Мәскеу қаласының «Рублево» және Раменское қаласының «Пионер» командасымен «С» тобында өнер көрсетіп, екі ойында да 1:1 есебімен тең түсті. Онда бір ойында жеңіп, бір ойында тең түскен мәскеуліктер 4 ұпаймен бірінші, ақтаулықтар 2-ші, ал бір ойында тең түсіп, бір ойында жеңілген раменскіліктер 1 ұпаймен 3-ші орынды қанағат тұтты.

Кеше ширек финалдық ойында ақтаулықтар «А» тобында 9 ұпаймен бірінші орын алған Ресейдің Мәскеу қаласының «Академия Строгино» командасымен кездесіп 1:7 есебімен ойсырай ұтылды. Бүгін олар 28 наурызда «В» тобында 1-ші орын алған Тбилиси қаласындағы өз отандастарының «Локомотив» командасына 1:6 есебімен ұтылған «Д» тобында 2-ші орын алған Грузияның Кутаиси қаласының «Аваза» командасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар