Актер Дональд Сазерленд қайтыс болды

Актер
Фото: bbc.com

АСТАНА. KAZINFORM – «Аштық ойындары», «Айырудың алты дәрежеcі» және «Итальяндық тоңау» сияқты фильмдерде басты рөлді сомдаған Дональд Сазерленд 88 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ВВС жазды. 

Актердің қайтыс болғанын оның ұлы Кифер хабарлады.

«Менің әкем Дональд Сазерленд қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймын. Мен оны кино тарихындағы ең маңызды актерлердің бірі санаймын. Ол жақсы болсын, жаман болсын, ешқандай рөлді жатсынбады. Ол өз жұмысын жақсы көрді және сүйікті ісімен айналысты. Тағдырдан артық тілеу мүмкін емес. Оның өмірі жақсы болды», - деді ол.

Дональд Сазерленд 1970 жылдары америкалық «МЭШ» телешоуында хирург Пирстің рөлін сомдаған соң танымалдылығы артып, кинода үлкен жетістікке жетті. 

Сазерленд шығармашылық мансабында жалпы 200-ге жуық рөлді сомдады.

Дональд – төрт ұл мен бір қыздың әкесі. Ол Канадада дүниеге келген. Алғашында радио репортер болып жұмыс істеген. 1957 жылы болашақ актер Лондонға көшіп, онда Лондон музыкалық және драмалық өнер академиясында оқыды. Содан кейін ол ұлыбританиялық киноларда шағын рөлдерді сомдай бастады.

Коммерциялық табысқа және сыншылардың жоғары бағасына қарамастан, ол «Оскарға» ешқашан ұсынылмады, бірақ 2017 жылы кино саласындағы мансабы үшін құрметті сыйлық алды. 

Соңғы жаңалықтар