Актер Джеймс Кэгнидің «Оскар» сыйлығы бәссаудаға шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд актері Джеймс Кэгнидің (1899-1986)«Оскар» мүсіні Лос-Анджелесте бәссаудаға шығарылды. Бұл туралы сейсенбі күні сауданы жүргізетін өкілдер хабарлады. Мүсінді 20 қарашаға дейін сатып алуға болады.
1943 жылы Американың киноөнер академиясы Кэгниді «Янки Дудл Дэнди» мюзикліндегі жұмысы үшін «Ер адам рөлін үздік орындаушы» деп таныған болатын. Сауданы ұйымдастырушылар лот үшін 800 мың доллардан кем емес пайда алуды көздеп отыр.
Кэгни көрермендерге «Елірме ауру» («Белая горячка»), «Қара жүзді періштелер» («Ангелы с грязными лицами») және «Қоғамның жауы» («Враг общества») фильмдеріндегі рөлдерімен танымал.