Актер Эдди Мёрфидің тоғызыншы баласы дүниеге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал актер Эдди Мёрфи тоғызыншы баласы дүниеге келді. Оның азаматтық некедегі әйелі жаңа босанған Пейдж Батчер мен дүниеге келген қызының жағдайы жақсы.
55 жастағы актер қыз баланы Иззи Уна Мёрфи деп атады.
- Анасы да, қыз да өзін жақсы сезінеді, - деп мәлімдеді Мёрфидің ресми өкілі.
Бұл актер Эдди Мёрфидің отбасныдағы тоғызыншы баласы, алайда 36 жастағы австралиялық модель Пейдж Батчерден туған бірінші баласы екендігі мәлім болды, деп хабарлайды life.ru сайты.