АҚТҚ дертін жұқтырғандардың басым бөлігі әлеуметтік белсенді жастағы топ- Денсаулық сақтау вице-министрі

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда АҚТҚ (ВИЧ) дертін жұқтырғандардың басым бөлігі әлеуметтік белсенді жастағы топ болып табылады. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстандағы АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша жағдай және оның алдын алу» атты тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова мәлім етті, 
None
None

   деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Дертті жұқтыру жағдайлары 20-дан 39-ға дейінгі әлеуметтік белсенді жас топтары арасында жиі кездесіп отыр. Мәселен, олардың үлес салмағы жалпы жұқтырғандардың 77,7 пайызын құрайды. АҚТҚ жұқтырғандардың басым көпшілігі жұмыс істемейтін адамдар», деді Тамара Вощенкова. Оның айтуынша, соңғы жылдары АҚТҚ инфекциясының жыныстық жолмен берілу көрсеткіштері айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, 2009 жылдың он айында осы жолмен ауру таралу көрсеткіші 35,5 пайызды құраған. Салыстырмалы түрде қарағанда, 2008 жылы жыныстық жолмен ауру жұқтырғандар саны 29,6 пайызды, 2007 жылы 19,8 пайызды, 2006 жылы 24,5 пайызды құраған екен.

Қазақстандағы АҚТҚ жұқтырып, тіркелгендердің 72,6 пайызы (9 мың 774 адам) ер адам болса, 27,4 пайызы (3 мың 689 адам) әйелдер.  Дегенмен де, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері АҚТҚ инфекциясына шалдыққан ұрпақты болу жасындағы әйелдердің көбеюіне ерекше алаңдаушылық білдіреді. Мәселен, республикада ағымдағы жылғы қарашаның 1-дегі жағдай бойынша 1 мың 192 АҚТҚ жұқтырған жүкті әйелдер тіркелген. Ал жалпылама тоқталсақ, бүгінге дейін АҚТҚ инфекциясына шалдыққан әйелден 812 бала туса, оның ішінде биылғы жылы дүниеге келген сәбилердің саны 174 болып отыр.

Соңғы жаңалықтар