«Ақтөбе» Чемпиондар Лигасында азулы «Стяуаға» тап болуы ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА-ның штаб-пәтерi Швейцарияның Ньоне қаласында Чемпиондар Лигасының үшiншi раундында кездесетiн командалардың жеребесi өттi.
Оның қортындысы бойынша, Қазақстан чемпионы - "Ақтөбе" футбол клубы, әрине егер тбилисилiк "Динамоны" қарымта ойында тiзе бүктiрiп жатса, үшiншi кезеңде норвегиялық "Стремсгодсет" немесе румыниялық "Стяуа" клубына қарсы ойнайды. Ал бiрiншi ойында 1:0 есебiмен "Стяуа" жеңiске жеткен болатын.